23.06.2024, 17:40
Спорт
Юлия Путинцева Бирмингемде өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Ол финалда австралиялық Айла Томляновичпен кездесті
Фото: yarnovosti.com
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 41-орын) Бирмингемде (Англия) өткен турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жекелеген разрядтың финалында Путинцева австралиялық Айла Томляновичпен (190-орын) кездесті және оны екі сетте жеңді— 6:1, 7:6 (10:8).
Осылайша, Юлия Путинцева 2024 жылы алғашқы титулын жеңіп алды. Осыған дейін турнир барысында қазақстандық франциялық теннисші Клара Бюрельді (43-орын) – 6:3, 6:4, украиналық Ангелина Калининаны (47-орын) – 6:3, 6:0, америкалық Каролин Доулхайдты (61-орын) – 6:3, 6:7, 6:1 және италиялық Элизабетта Коччареттоны (44-орын) – 6:2, 6:2. жеңген болатын.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)