23.06.2024, 11:34
Спорт
Спорттық құзға өрмелеу: Әмір Маймұратов Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Іріктеу турнирі Будапеште өтті
Фото: Olympic.kz
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов Будапештегі (Венгрия) іріктеу турнирінен сәтті өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Спортшы жылдамдық бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді. Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді.
Айта кетелік, іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі Шанхайда, екіншісі Будапештте өтті.
Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. Маймұратов жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға салды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
19.10.2026, 15:25
Қазақстандықтардың әл-ауқатын болжайтын калькулятор істен шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды