09.06.2024, 16:49
Спорт
Қазақстан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды
Өткен Еуроның жеңімпазы – Әзербайжанды ширек финалда қазақстандықтар жеңіп кетті
Фото: istockphoto.com
Қазақстан әуесқойлар арасында шағын футболдан Еуропа-2024 чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құрлықтық турнир Сараевода (Босния және Герцеговина) өтті. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандықтар жартылай финалға дейін жетіп, Румыниядан жеңіліп қалды (пенальти бойынша 1:1, 2:4). 1/2 финалдың тағы бір матчында Сербия Францияны жеңді (5:0).
Үшінші орын үшін кездесуде Қазақстан Франциядан мықты болды (7:2), ал финалда Сербия Румынияны жеңді (пенальти бойынша 1:1, 11:10).
Айта кетейік, алдыңғы Еуроның жеңімпазы – Әзербайжанды ширек финалда қазақстандықтар жеңіп кетті.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)