09.06.2024, 18:49
Спорт
Садақ атудан қазақстандық мерген Азия кубогында күміс медаль иеленді
Ол классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шықты
Фото: Olympic.kz
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия кубогында Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша, маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді.
«Сол сияқты блоктық садақ атудан Андрей Тютюн Азия кубогінде топ жарып, жеңіске жетті.
Айта кетелік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадсында өнер көрсетеді», - деп жазады Олимпиада комитеті.
Көп оқылған
31.03.2026, 10:25
«Бәріміз үшін осы дұрыс»: Жұлдыз Сүлейменова 1-сыныпқа баратын оқушыларға қатысты маңызды шешім қабылдады
31.03.2026, 07:20
Шымкентте дәріхана жанындағы кабинеттерде 4 адам қайтыс болды
31.03.2026, 14:58
Тәттіге құмар: Өскеменде ер адам дүкеннен 80 қорап «Merci» шоколадын ұрлаған (ВИДЕО)
31.03.2026, 12:16
Қазақ ғалымы ойлап тапқан ракқа қарсы дәрінің бағасы қанша болады – министр жауап берді