$ 538.33  626.99  6.71
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды»: Олимпиада формасы қандай қаражатқа тігіледі

Форма толығымен демеушілердің қаражатына тігілмек

«Бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды»: Олимпиада формасы қандай қаражатқа тігіледі
Фото: Батыр Беспаев

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Париж олимпиадасына баратын спортшылардың формасын тігуге бюджеттен бір тиын да жұмсалмайтынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Олимпиада формасы демеушілер есебінен тігіледі. Яғни, бюджеттің бірде бір тиыны жұмсалмайды. Демеушілердің арасында біздің құрама команданың жанкүйерлері де бар. Бір форма қанша тұратынын айта алмаймын. Білмеймін. Демеушілердің Олимпиада формасын әзірлеу бақылауда. Шілде айының басында  Олимпиада формасы дайын болады деген үміттеміз», - дейді Ермек Маржықпаев.

Сондай-ақ ол Олипиадаға дайындық іс-шаралары жайлы айтып берді.

«Қазір біз федерациялар басшылары мен бапкерлерімен кездесу өткізіп, дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олимпиадаға дайындық бойынша мемлекеттік орган мен федерациялар мүшелері бар штаб жұмыс істеп жатыр», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт #Олимпиада