14.05.2024, 12:30
Спорт
«Бокс, теннис және күрес»: Маржықпаев Париж Олимпиадасының алтынына болжам жасады
Кейбір спорт түрлері бойынша Қазақстан спортшылары қатарынан 5 лицензия алған
Фото: скриншот
Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев Париж Олимпиадасында Қазақстан спортшылары қандай спорт түрлерінен алтын алуы мүмкін екеніне болжам жасады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министр үкіметте өткен брифингте спортшылардың үздік үштігін атады.
«Боксшылар, теннисшілер және күрес түрлерінен қатысатын спортшылар медальсыз қалмауы керек»,- деді ол.
Маржықпаев қазақ спортшыларының қанша медаль алып келетінін нақты болжау әлі қиын екенін алға тартты.
«Қанша медаль алатынымызды болжап айтту қиын, алда әлі 25 лицензиялық спорттық турнирлер бар. 70-80 лицензия аламыз деген үміт бар. Қазір ең көбі, ату спортынан – 5 лицензия бар», - деді министр.
Көп оқылған
28.04.2026, 12:42
«Әкесі 41 күн бойы төсегін күзетті»: Шымкент ауруханасында жан тебірентерлік оқиға болды (ВИДЕО)
28.04.2026, 13:54
Енді Қазақстанда жақын туысы қайтыс болған әскерилер 425 мың, үйленіп, балалы болғандары 255 мың теңге көмек алатын болды
28.04.2026, 14:34
Қорғаныс министрлігі 40 жастан асқан әскерилерге әрбір бес жыл сайын ақшалай сыйақы беруі мүмкін