Еуро-2024: Қазақстан құрамасы жолдамадан қағылды

Azattyq Rýhy

Ұлттық құрама Грекиядан жеңіліп қалды

Еуро-2024: Қазақстан құрамасы жолдамадан қағылды
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы жартылай финалында Грекиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Афиныда өткен қазақстандық футбол үшін басты оқиғада құрама Еуропа Чемпионатына жолдама ала алмады.

Ойынның сегізінші минутында қарсыластардың қақпасына пенальтиден алғашқы гол соғылды. Анастасиос Бакасетас дәл соққымен 1:0 есебімен командасын алға шығарды.

Ойынның 14-ші минутында Грекия құрамасының ойыншысы Димитрис Пелкас Қазақстан құрамасына екінші голды соқты.

37-ші минутта қарсыластардан Фотис Иоаннидис еш қиындықсыз Қазақстан қақпасына тағы бір гол соқты.

42-шы минутта Димитрис Курбелис командасына төртінші ұпайды әперді.

Екінші таймда ойын есебі 5:0-мен гректер алға шықты.

Айта кетейік, 26 наурызда Қазақстан Люксембург командасымен кездесіп, командалар жолдастық кездесу өткізеді. Ал Грекия Грузиямен Еуро-2024 жолдамасына таласады.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.