«Қорғанысқа «жатып» ойнамаймыз»: ұлттық құраманың бапкері Грекиямен кездесу жайлы
Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу бүгін Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Грекиямен кездесуде қорғаныс стилінде ойнамайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Грекия құрамасының бапкері бізді жақсы білетінін, бізге қарсы қалай ойнау керек екенін білетінін айтты. Қорғанысқа жатып ойнау қазіргі заманауи футболға жарамайды. Біз бүгінге дейін ондай стильмен ойнаған емеспіз. Матч барысында қарсылас команда шабуылын үдеткенде қорғанысқа көшетін кездер болатыны анық. Бірақ біз тек қорғаныспен ғана ойнамаймыз. Бұл кездесуде бір ғана жеңімпаз болады. Не біз, не олар жеңіске жетеді», - деді ұлттық құраманың бас бапкері.
Айта кетейік, Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу бүгін Астана уақыты бойынша сағат 00:45-те басталады.