Парижге баратын спортшылар ішінде жаңа легионерлер жоқ - Жарасбаев

Ол легионерлер саны қысқартылып жатқанын айтты

Парижге баратын спортшылар ішінде жаңа легионерлер жоқ - Жарасбаев
Фото: bestnews.kz

Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев легионерлер азайтылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Легионерлер саны қысқартылып жатыр. Біріншіден, хоккей, волейбол, футбол, баскетбол ойын спорт түрлері бойынша ЕурАзЭҚ-те ойнайтын легионерлер санын қысқарту бойынша ұсыныс бердік. Запаста отыратын және алаңда ойнайтын ойыншылардың айырмашылығы болуы керек. Футболда алаңда бұрын 5 адам болса, оларды 3 адамға дейін қысқартып жатырмыз», - деді ол.

Жарасбаев жеңіл атлетикаға Кениядан келген 5 спортшы сынға жиі ұшырайтынын айтты.

«Халық тарапынан «оларды қайтеміз» деп айтып жатыр. Алайда олар бізде жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Олардың барлығын қабылдау керек. Бізде дайындалу арқылы жеңіл атлетика бойынша солардың арқасында алғаш алтынға ие болды. Бір жыл бұрын допингке қатысты күмәнді мәселелер туындаған. Бірақ соңғы айда БАҚ-та дәлелденіп, таза болып шықты. Парижге дайындалып жатқандардың ішінде бұрыннан келе жатқан легионерлер ғана бар, жаңадан легионер қосылған жоқ. Біз өз спортшыларымызды өсіруіміз керек. Кеше Будапеште хоккейден жастар арасында әлем чемпионаты аяқталды. Ол жерде тек қазақстандықтар ғана өнер көрсетті. Тек «Барыс», «Торпедо» мен «Сәтпаев» командаларында бар», - деді Жарасбаев.

Авторы: Аягөз ҚҰРМАШ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.