22.12.2023, 12:18
Спорт
Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін спорттан шеттетілді
Ол 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада жүлдегер атанған еді
Фото: vesti.kz
Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло допинг қолданғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz сілтеме жасап.
Ол допингке қарсы ережені бірнеше рет бұзғаны үшін сегіз жылға спорттан шеттетілді. 2022 жылы оның денесінен анаболикалық стероид Метандиенонның іздері табылды.
Чиншанло бұған дейін допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін 2012 жылғы Лондон Олимпиадасындағы алтын медалінен айырылып, екі жылға дисквалификация алған болатын. Оған станозолол, дегидрохлорметилтестостерон және оксандролон диагнозы қойылды.
Чиншанло 2020 жылы Токиода өткен Олимпиадада жүлдегер атанған еді.
Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы