$ 520.48  574.61  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.10.2023, 14:51
Спорт

Жетінші алтын: Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды

Отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласын 4:2 есебімен жеңді

Жетінші алтын: Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Нұржан Батырбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауныша, джиу-джитсуден 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз финалда БАӘ келген қарсыласы Мұхаммед әл-Суваидиді 4:2 есебімен жеңді.

Бұл – Азия ойындарында Қазақстан құрамасының жетінші алтын медалі.

«Нұржанды осы жеңісімен құттықтаймын! Бүгін көптеген адамдарды таң қалдырды және ерекше қуантты. Жасына қарамастан, біздің спортшымыз керемет шеберлік пен жеңіске деген сенімділік көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», - деп атап өтті ҚР Спорт туризм министрі Ермек Маржықпаев.

Серіктес жаңалықтары