05.10.2023, 13:51
Спорт
Азия ойындары: қазақстандық велошабандоз алтын медаль алды
Евгений Федоров топтық жарыста топ жарды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Ханчжоудағы Азия ойындарында алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, Евгений Федоров топтық жарыста топ жарды. Ол 207,7 шақырым қашықтықты 4:25:29 уақытта жүріп өтті.
Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко мәреге екінші болып келді.
Айта кетейік, бұған дейін Луценко жекелей жарыста жеңіске жеткен болатын.
«Бүгін еліміздің велоспорты үшін айтулы күн. Велошабандоздарымыз жоғары деңгей көрсетті. Евгенийді Азиаданың алтын медалімен құттықтаймын», - деп атап өтті ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
