27.09.2023, 14:09
Спорт
Азия ойындары: Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті
Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды
Фото: Тұрар Қазанғапов
Әсем Орынбай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық олимпиада комтетінің хабарлауынша, Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына кезекті медаль түсті.
«Стенд атудың скит бағдарламасында отандасымыз Әсем Орынбай қола жүлдеге ие болды. Ол финалда 45 мәрте нысананы дәл көздеді», - делінген хабарламада.
Алтын мен күміс медаль Қытай құрамасы спортшыларының еншісінде кетті.
Тағы бір Ұлттық құрама мергені Ольга Панарина ақтық сында 4-орын алды (34 ұпай).
Бұған дейін Қазақстан әйелдер командасы стенд атудан алтын медаль ұтып алғанын хабарлаған болатынбыз.
Көп оқылған
27.09.2026, 13:00
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезіндегі оқиғадан аман қалған әскери қызметшілер марапатталды
27.09.2026, 07:33
27 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Бүгін, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
27.09.2026, 08:24
Қазақстандық жеңіл атлет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
27.09.2026, 06:08
Азия ойындарының жетінші күнінде Қазақстан бес қола медаль жеңіп алды