26.09.2023, 09:47
Спорт
Азия ойындары: Қазақстан құрамасы оқ атудан қола жүлде иеленді
Спортшыларымыз Иран құрамасын жеңіп кетті
Фото: Тұрар Қазанғапов
Жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Туризм және спорт министрлігі хабарлағандай, оқ атудан спортшыларымыз қола жүлде иегері атанды.
«10 метрден пневматикалық винтовкадан оқу атудан аралас командалық сайыста Ислам Сатпаев пен Александра Ле қола жүлде иеленді», - делінген хабарламада.
Олар Иран құрамасын жеңіп кетті.

Бұл жүлде Қазақстан үшін биылғы Азия ойындарындағы алтыншы жүлде болып отыр.
Тақырыпқа орай: Азия ойындарының үшінші күнінде спортшыларымыз қандай жетістікке жетті
Ұлттық құрама қоржынында бес қола және бір күміс бар.
Ханчжоудағы Азия ойындары 8 қазанға дейін жалғасады.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді