01.08.2023, 09:13
Спорт
Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік жазғы Универсиадада алтын алды
Чэндудегі 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады
Фото: gov.kz
Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік Универсиаданың алғашқы алтынын Қазақстанға таэквондист Рита Бакишева әкелді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Рита Бакишева 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалда Қытайдың Тайбэй өкілінен басым түсті.
Бұған дейін Елжан Таниева лентамен көркем гимнастикадан жеке жарыстарда күмісті жеңіп алған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына он бір медаль түсті – бір алтын, бес күміс және бес қола.
Чэндудегі 31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады