19.04.2023, 23:05
Спорт
Елена Рыбакина Stuttgart 2023 турниріндегі алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады
Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды
Фото ашық дереккөзден
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турниріндегі алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.
Енді Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-ші орын) Штутгарттағы (Германия) турнирдің екінші айналымында бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен (14-ші орын) ойнайды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы