Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Azattyq Rýhy

Ол төрт дүркін әлем чемпионымен сайысқа түсті

Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшысын жеңді

Әлем және Қазақстан әйелдер құрамаларының алғашқы матчы нағыз сенсациямен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қуанышты жаңалықты alga.peterburg инстаграм парақшасы жариялады. Әзірге партиядағы есеп әлемнің жұлдызды құрамасының пайдасында, бірақ қазақстандық Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионы, қытайлық Хоу Ифанды жеңілуге мәжбүр етті. Дәлірек айтқанда, Бибісара әйелдер арасындағы ФИДЕ рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие шахматшыны жеңді.

«Бұл нағыз сенсация! Бибісара 2021 жылы шахмат тарихындағы ең жас блиц чемпионы болды, соның арқасында ол Гиннестің рекордтар кітабына енді, ал 2022 жылы ол блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы атанды! Ал, бүгін біздің Бибисара бізді керемет жаңалықтармен қуантуды жалғастыруда» - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.