12.04.2023, 10:49
Спорт
Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен екі дүркін Азия чемпионы атанды
Ол осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Эльмира Сыздықова қырғызстандық Айпері Медетқызын таза ұтып, 2 дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Отандасымыз сары құрлық бәсекесін ширек финалдан бастады. Алғашқы белдесуінде өзбекстандық Озода Зарипбаеваны мерзімінен бұрын ұтты. Сосын жартылай финалда қытайлық Хуан Вангті ұпай санымен жеңді.
Айта кетейік, Эльмира биыл ҚР VI жазғы спартакиадасында топ жарды.
Эльмира осыған дейін Азия чемпионатында 6 жүлде жеңіп алған (1 алтын, 2 күміс, 3 қола).
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді