$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2022, 14:32
Спорт

Астаналық спортшы Абзал Әжғалиев Солт-Лейк-Ситиде күміс жүлдеге қол жеткізді

Юта штатындағы жарыста  Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр

Астаналық спортшы Абзал Әжғалиев Солт-Лейк-Ситиде күміс жүлдеге қол жеткізді

Бүгін Астана қаласының спортшысы Абзал Әжғалиев АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен өтіп жатқан Әлем Кубогының 2-кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Шорт-трекші 500 метрге жарыста тек канадалық Максим Лауннан қалып кетті. Үздік үштікті оңтүстік кореялық Ли Жун Со түйіндеді.

Айта кетейік, Юта штатында Қазақстан толық құрамда сынға түсіп жатыр:

Ерлер – Абзал Әжғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Еркебұлан Шамуханов, Антон Хван;

Әйелдер – Алина Әжғалиева, Яна Хан, Малика Ермек, Алена Волковицкая, Анастасия Астраханцева, Ольга Тихонова;

Бас бапкер – Нұрберген Жұмағазиев. Солт-Лейк-Ситидегі жарысты Халықаралық конькишілер одағының (ISU) Youtube арнасынан көруге болады.

Канаданың Монреаль қаласында өткен алғашқы кезеңде ерлер құрамасы 5 шақырым эстафетада күміс жүлдеге қол жеткізген. Қазір 5000 метрге жарыста әлем рейтингінде Ұлттық құрама 9-сатыда келе жатыр (12094 ұпай).

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#спорт