24.08.2022, 12:30
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы келесі жылы чемпиондық белбеулердің бәрін алатынын айтты
Отандасымыз мамыр айында WBO ұйымының уақытша чемпиондық белбеуіне ие болған
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Twitter парақшасында жазба қалдырып, онда келесі жылы чемпиондық белбеулердің бәрін жеңіп алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Келесі жылы чемпиондық төрт белбеуді алғаннан кейін екінші орта салмақта жұдырықтасамын», - деді боксшы.
Айта кетейік, америкалық Деметриус Андраде орта салмақтағы WBO белбеуін тастап, екінші орта салмаққа өтіп кеткен болатын. Осылайша Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасудан бас тартқан.
Отандасымыз мамыр айында ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO ұйымының уақытша чемпиондық белбеуіне ие болған.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды