23.08.2022, 11:29
Спорт
Шыңғыс Жүсіпов аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанды
Аралас жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Абу-Даби қаласында өтті
Қазақстандық спортшы Шыңғыс Жүсіпов әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Аралас жекпе-жектен жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік дода Абу-Даби қаласында өтті. Оған бас-аяғы 20 елдің спортшылары жиналды. Шыңғыс чемпионат аясында 6 кездесу өткізіп, оның 5-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Соңғы сында да ғана жекпе-жек соңына дейін созылып, нәтижесі төрешілер шешімімен анықталды.
Айта кетейік, Шыңғыс Жүсіпов қазақстандық спортшылар арасынан алғаш боп ММА-ден жасөспірімдердің әлем чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
