Әлемнің бірінші ракеткасы Медведев Astana Open турниріне қатысады

Azattyq Rýhy

1-9 қазан күндері АТР 500 сериясы бойынша Қазақстанда алғаш рет Astana Open турнирі өтеді

Әлемнің бірінші ракеткасы Медведев Astana Open турниріне қатысады
фото: stoneforest.ru

Әлемнің бірінші ракеткасы Медведев Astana Open турниріне қатысады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Даниил Медведев кәсіпқой спорттағы жолын 2014 жылы бастады. Сол жылы бірнеше рет ITF додаларында жеңіске жетті.

Даниил 2010 жылы 18 жасқа дейінгілер арасында Өскемен қаласында өткен ITF Junior G3 жарысына қатысты. Ал, 2016 жылы әлемнің 171-ракеткасы ретінде Нұр-Сұлтанда ҚР Президенті кубогінде ATP Challenger турнирінің ширек финалына дейін жетті.

2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, үш «Үлкен дулыға» турнирінің финалисі, 2020 жылғы ATP қорытынды додасының чемпионы, 14 ATP жарысының жеңімпазы, Ресей құрамасы сапында Дэвис кубогі мен 2021 жылы ATP кубогін жеңіп алды. Ресей тарихында жекелей сында «Үлкен дулығада» үздік шыққан үш теннисшінің бірі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.