16.08.2022, 01:58
Спорт
Ауыр атлет Айзада Муптилда Ислам ойындарында рекорд орнатты
Ауыр атлеттеріміз ел қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде бар
фото: МСМ баспасөз қызметінен
Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында ауыр атлетикадан қос спортшы қыз 3 алтын, 3 күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
+87 келіде сынға түскен Айзада Муптилда серпе көтеруде 116 келі, жұлқа көтеруде 150 келі зіл темірмен Ислам ойындарының рекордын орнатты. Спортшы жалпы жарыс қорытындысы бойынша 266 келі зіл темірді бағындырып, жарыс жеңімпазы атанды.
Ал, дәл осы салмақта Любовь Ковальчук серпе көтеруде 114 кг, жұлқа көтеруде 147, жалпы есепте 261 келіні көтеріп, жарыстың күміс жүлдесін жеңіп алды.
Осылайша Қазақстан үшін Ислам ойындарында ауыр атлетикадан жарыстар аяқталды. Ауыр атлеттеріміз ел қоржынына 8 алтын, 15 күміс, 3 қола жүлде салды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды