14.08.2022, 09:17
Спорт
Қазақстандық спортшы Ислам ынтымақтастық ойындарында жүзуден рекорд орнатты
Ел қоржынында 13-інші алтын медаль бар
фото: instagram.com/drs_kz
Қазақстандық спортшы Аделаида Пчелинцева V Ислам ынтымақтастығы ойындарының чемпионы атанып, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Финалда Аделаида Пчелинцева 50 м қашықтықты 31.71 секунд уақытта бағындырып Ислам ойындарының рекордын жаңартты.
«Отандасымыз өзінің шеберлік деңгейін көрсетіп, ойындарда қарсылас шақ келтірмей Түркия елінің спортшылары Гюнеш пен Саманчиді жеңіп алтын олжалады», - деп көрсетті Спортты дамыту дирекциясы.

Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
