$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.08.2022, 02:53
Спорт

Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет ширек финалға шықты

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үздік сегіз команданың қатарына енді

Теннистен ӘЧ: қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет ширек финалға шықты
фото: ktf.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Чехияның Простеев қаласында 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қазақстан теннис федерациясы жарыстың үшінші күні қазақстандық жасөспірімдер әлем чемпионы Италия құрамасын тізе бүктіргенін хабарлады.

Кортқа Аргентина құрамасымен сәтті ойнаған Даниэль Тазабеков алғашқы болып шығып, Сальваторе Тартальонемен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Даниэль қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сетте бесінші геймде брейк жасап, сол басымдылығынан айрылмады – 6:3.

Заңғар Нұрланұлы мен Антонио Марильяно аса тартысты бәсеке өткізді. Бірінші партияда италиялық спортшы басымдылық танытты – 6:4. Екіншісінде де ол 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен, Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, сетті өз пайдасына жазды – 6:4. Үшінші, шешуші партияда сегізінші геймде қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 5:3. Содан кейін өзі доп бергенде, нүкте қоя білді – 6:3.

Осылайша, әлем чемпиондарын ұтқан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет дүниежүзілік доданың ширек финалына шығып, үздік сегіз команданың қатарына енді.

Серіктес жаңалықтары