Қанат Исламның жекпе жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазір қазақстандық боксшы Калифорнияда бұрынғы бапкері Роджер Романың қол астында жаттығып жатыр
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) келесі жекпе-жегі өтетін орын мен уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшының командасына жақын мәлімет көзінің ақпаратынша, Қанат рингке қыркүйекте АҚШ жерінде шығады. Бұл қазақ боксшының 26 ақпан Плант-Ситите өткен бокс кешінде карьерасында алғаш жеңілгеннен кейінгі бірінші айқас болады. Ол кезде Қанат WBO Global титулы үшін кездесуде британиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) төрешілер шешімімен (95-95, 96-94, 97-93) есе жіберген.
Ислам қазіргі кезде барлық негізгі ұйымның: WBC, WBA, IBF және WBO рейтингтерінің топ-15 тізімінен шығып қалған.