Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алды

Azattyq Rýhy

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды

Жәнібек Әлімханұлы WBO бойынша уақытша әлем чемпионы титулын жеңіп алды
Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жәнібек Лас-Вегаста британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе жек өткізді. Кездесу 12 раундқа есептелген болатын.

Жәнібек Әлімханұлы бірінші раундта нокдаунға түсті, ал екінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.

Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды.

Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.

Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.