«Қыздарым Сирияда»: Танымал боксшы Руслан Мырсатаев Режеп Тайып Ердоғаннан көмек сұрады
Әйелімен ажырасқан боксшы қыздарының тағдырына алаңдаулы
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мырсатаев Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан көмек сұрап, видеоүндеу жариялады. Айтуынша, ажырасқан әйелі екеуіне ортақ екі қызды Сирияға алып кеткен. Оларды Қазақстанға қайтару қажет дейді ол.
Оның айтуынша, 2015 жылы әйелі 7 және 5 жастағы екі қызын алып Сирияға кетіп қалған екен. Ол кезде қыздар Бішкек қаласында Русланның анасының қолында болған. Немерелерінен айрылып, қайғыдан қан жұтқан кейуана 2019 жылы қайтыс болыпты. Енді бар үміт Түркия президентінде дейді ол.
Айта кетейік, 2008 жылы Пекин олимпиадасында бокстан аса ауыр салмақта Қазақстанның намысын қорғаған Руслан Мырсатаев қазір кәсіпқой бокста бақ сынап жүр. Бүгінге дейін ол 7 жекпе-жек өткізіп, жетеуінде де жеңіске жеткен