31.03.2022, 09:40
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы титулды жекпе-жек өткізеді
Бұл ESPN телеарнасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен британиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) арасында орта салмақта WBO тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек 21 мамырда өтеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ESPN телеарнасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ.
«Сейсенбі күні орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша уақытша титул үшін Жәнібек Әлімханұлы мен Дэнни Дигнумға арналған промоутерлік өтінім бойынша мәміле жасалды. Олар 21 мамырда ESPN арнасының басты шарасында кездеседі», - деп жазды журналист Дэн Рафаэль Twitter-де.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды