Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін
Қос мықты арасындағы айқас негізінен өткен жылдың желтоқсан айында өтуі керек еді
Головкин мен Мурата арасындағы кездесу сәуірде өтуі мүмкін. Бұл жөнінде жапон боксшысының промоутері Акихико Хонда мәлім еттаі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Головкин тарапы біздің елдегі жағдайды түсінеді. Бірақ үмітті үзбейміз. Бұл жекпе-жектің сәуірде ұйымдастырылғанын қалаймын», - деді Акихико Хонда.
Қос мықты арасындағы айқас негізінен өткен жылдың желтоқсан айында өтуі керек еді. Алайда Жапонияда карантиндік талаптар күшейіп, кеш кейінге қалдырылды.
Алдағы кездесуде 3 бірдей чемпиондық белдік сарапқа салынады.
Яғни Геннадий Головкин қазір орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем үздігі. Ал Рета Мурата WBA Super белдігінің иегері.
Головкин бүгінге дейін 43 кездесу өткізіп, 41-інде жеңіске жетті. Ал Муратаның көрсеткіші 18 жекпе-жек, 16 жеңіс.