Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионы атанды

Azattyq Rýhy

Ол әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы қыз атанып отыр

Бибісара Асаубаева шахматтан әлем чемпионы атанды
Фото ашық дереккөзден

17 жастағы қазақстандық шахматшы қыз Бибісара Асаубаева шахматтың блиц түрінен әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі. Бұл Қазақстан тарихында шахматтан ересектер арасындағы алғашқы «алтын».

Сонымен қатар, Асаубаева әлемдік шахмат тарихындағы ең жас шахматшы қыз атанып отыр.

Жарыстың екінші күні шахматшы қыздар сегіз матчтан өткізген. Нәтижесінде, Бибісара мүмкін болған 16 ұпайдан 14 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орын ресейлік Александра Костенюкке бұйырса (12,5 ұпай), Ресейдің тағы бір шахматшысы Валентина Гунина 12 ұпаймен үшінші орын алды.

Айта кетейік, шахматтан әлем чемпионаты Польша астанасы Варшавада өтіп жатыр. 28 желтоқсан күні Асаубаева шахматтың рапид түрінен әлемнің күміс жүлдегері атанған болатын.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.