30.12.2021, 14:19
Спорт
Қанат Исламның келесі қарсыласы белгілі болды
Боксшы соңғы рет Майамиде жекпе-жек өткізген
Орта салмақтағы қазақ боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
2022 жылдың 21 қаңтарында Плант-Ситиде өтетін 10 раундтық айқаста Қанат британиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасады.
29 жастағы Келли соңғы рет рет 12 желтоқсанда рингке шығып, отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) нокаутқа түсірді. 2015 жылы Джимми бірінші орта салмақта WBO белбеуі үшін Лиам Смитпен (30-3-1, 17 КО) кездесу өткізген, алайда, техникалық нокаутпен жеңілді.
Қанат Ислам соңғы рет Майамиде жекпе-жек өткізіп, эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта сұлатқан еді.
Көп оқылған
29.10.2026, 15:26
Еңбекмин жәрдемақы алатын адамның ипотекасын да, несиесін де, отбасын асырауға кететін шығынын да есептейтін болды
29.10.2026, 15:11
Шәйнек түбіне жасырған: Жетісуда түрмеде жатқан адамға танысы шынашақтай телефон жібермек болған
29.10.2026, 12:29
Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдер толтыратын 25 құжаттан бес-ақ қағаз қалдыратынын мәлімдеді
29.10.2026, 13:59
БҚО-да жайылып жүрген киікті атып алған ер адам сотталып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды