Елеусінов мексикалық боксшымен жұдырықтасатын болды

Azattyq Rýhy

Бокс кеші Нұр-Сұлтанда өтеді

Данияр Елеусіновтің жартылай орта салмақта IBO белбеуі үшін өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Данияр келесі айқасын «Crazy» (есі ауысқан, ессіз, құтырған) лақап атымен танылған 33 жастағы мексикалық Данте Хардонге қарсы өткізеді. Алдағы айқас мексикалық үшін биылдыққа үшінші жекпе-жек болады. Осының алдындағы екеуін де ол нокаутпен жеңген. Соңғы айқасында IBO ұйымының құрлықтық титулын жеңіп алған.

Сонымен бірге, ол карьерасында WBC Youth (әлемнің жас чемпионы), WBC Continental Americas, WBC International және WBO Latino титулдарын иеленген. Ал 2013 жылы екінші жартылай жеңіл салмақта WBC белбеуі үшін Жапонияда жұдырықтасып, жергілікті Такаси Миуреден жеңілді.

Жалпы Хардон есебінде 34 жеңіс (25 нокаут) және жеті жеңіліс бар. Жартылай орта дивизион рейтингінде ол 88-орында, ал Данияр 32-ші болып тұр.

Айта кетейік, жекпе-жек 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді. Сондай-ақ, бокс кешінің андеркартында ауыр салмақтағы Иван Дычко ресейлік Александр Устиновпен кездеседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.