Әлем чемпионатында жүлделі орын алған қазақ боксшылары қанша сыйақы алады

Azattyq Rýhy

Жеңімпаздарға сыйақы бірден үш жерден төленеді

Әлем чемпионатындағы жүлделі орындары үшін қазақстандық боксшылар қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Қазақстандық боксшылар Сербия астанасы Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында алған жүлделі орындары үшін қанша қаржылай сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Cыйақы бірден үш жерден төленеді.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының ресми сыйақысы: бірінші орын үшін 100 мың доллар, екінші орын үшін 50 мың және қола үшін 25 мың доллар төленбек.

Мемлекеттік бюджеттен де төлемдер бар: сәйкесінше 15, 7 және 5 мың доллар. 

Сондай-ақ, боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы бірінші орын үшін 70 мың доллар, екінші орынға 50 мың және үшінші орын үшін 30 мың доллар береді.

«Осылайша, әлем чемпионы Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әрқайсысы 185 мың доллардан, яғни шамамен 79,4 миллион теңгеден алады.

Күміс жүлдегерлер Махмұд Сабырхан мен Серік Теміржанов 107 мың доллардан немесе 45,9 миллион теңгеден алады. 

Қола жүлдегер Абылайхан Жүсіповтің сыйақысы 60 мың доллар немесе 25,7 миллион теңге болмақ», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.