Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосыновтың финалдағы жеңісіне наразылық білдірді

Azattyq Rýhy

Ол AIBA-ны жемқорлық жасады деп айыптады

WBO тұжырымы бойынша жартылай жеңіл салмақта әлем чемпионы америкалық Шакур Стивенсон қазақстандық Сәкен Бибосыновтың финалдағы жеңісіне наразылық білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

51 келі салмаққа дейінгі ақтық сында Сәкен Бибосынов америкалық Роско Хиллға қарсы шыққан. Кездесу нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын 5:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Стивенсонның айтуынша екінші және үшінші раундта отандасы Роско Хилл жеңіске жетті. Сол сияқты ол бірінші раундтың нәтижесімен келіспейтінін айтып, Халықаралық бокс қауымдастығын (AIBA) жемқорлық жасады деп айыптады.

«Балақай Роско Хилл екінші және үшінші раундта жеңіске жетті деп ойласам. Бұл төрешілер мені соқыр адам секілді әсерде қалдырды. Ол жақсы бокстасты. Ал бірінші раундта 10-8 ұпай бергені тіптен сорақылық. AIBA әлі де жемқорлар мекені!» - деп америкалық боксшы Twitter желісінде жазды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.