18.10.2021, 12:17
Спорт
Қазақстандық таэквондошы Черногорияда өткен турнирде алтын жүлдегер атанды
Финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті
Черногория астанасы Подгорицада таеквондодан рейтингілік турнир аяқталып, қазақстандық Жансель Дениз алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Жансель турнирді екінші айналымнан басталды. Ол алдымен Молдова, кейін Бразилия спортшысын жеңген.
Ал финалда түркиялық Хури Куркуттан басым түсті.
Қола жүлдені Бразилия және Хорватия таеквондошылары иеленді.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 15:18
«Біздің қас жауымыз»: Тоқаев Қазақстанда жымысқы әрекет ойлап жүргендердің «құпиясын» жайып салды
