ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Данияр Абылғазин ATTU Азия үстел теннисі одағының вице-президенті болып сайланды

Ол қазір Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті

Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абылғазин ATTU Азия үстел теннисі одағының вице-президенті болып сайланды. Орталық Азия бойынша аймақтық вице-президент лауазымына Қазақстан ұлттық федерациясы басшысының кандидатурасын ATTU Конгресі отырысына қатысушылар бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әріптестері Қазақстанда соңғы жылдары үстел теннисінің қарқынды дамып келе жатқанын, өткізілген халықаралық турнирлердің жоғары деңгейін және бүкіл республика бойынша инфрақұрылымның дамығанын атап өтті.

Жақында жаңа үстел теннисі орталығында бірінші рет ITTF Kazakhstan International Open 2021 халықаралық турнирі өтті, ал 2017 жылдың аяғында халықаралық федерация маңызды турнирлерінің бірі, ITTF әлемінің соңғы кезеңі ITTF World Tour Grand Finals додасын елорда төрінде ұйымдастырды. Бұл турнирлердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын барлық қатысушылар, сондай-ақ ITTF өкілдері атап өтті.