04.10.2021, 09:19
Спорт
Футзалдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның арнайы жүлдесіне ие болды
Қазақстан қола жүлде үшін өткен матчта Бразилиядан 2:4 есебімен ұтылып қалды
Фото: instagram.com/kazfutsal
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Литвада өткен әлем чемпионатының нәтижесі бойынша футзалдан Қазақстан құрамасына арнайы жүлде тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан әлем біріншілігіндегі әділ ойыны үшін ФИФА (fair play) жүлдесінің иегері атанды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында футзалдан төртінші орын алды. Бұл команда тарихындағы ең үздік нәтиже болып саналады. Үшінші орын үшін өткен матчта Бразилиядан 2:4 есебімен ұтылып қалды.
Ал жартылай финалда пенальти сериясынан қазақстандықтарды жеңген Португалия құрамасы әлем чемпионы атанды. Финалда португалиялықтар Аргентина құрамасын 2:1 есебімен жеңді.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)