$ 511.59  575.28  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2021, 14:42
Спорт

«Мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу». Бокстан жаңа бапкер жоспарымен бөлісті

Токио Олимпиадасынан кейін ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

«Мақсат – Париж Олимпиадасында 3-4 алтын алу». Бокстан жаңа бапкер жоспарымен бөлісті
Кайрат Сәтжанов, фото: kfb.kz

Кеше бокстан ерлер құрамасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды. Ұлттық құрама тізгінін ұстаған жаңа бас бапкер vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында алдағы жоспарымен бөлісті.

«26 қазан мен 5 қараша аралығында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Оның алдында Ақтауда халықаралық турнир болады. Дегенмен, биыл Токио ойындарына барған жігіттер қатыспайды. Бізде резерв бар. Жастардың бабын бақылаймыз. Негізгі мақсат – 2024 жылы Париж Олимпиадасында жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу. Мүмкін болып жатса 3-4 алтын алу. Сол үшін қазірден бастап аянбай тер төгеміз», - дейді Қайрат Сәтжанов.

Қайрат Сәтжанов 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 - 6/1/2, 2021 - 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 - 2/2/1).

Еске салайық, биыл Токио Олимпиадасына аттанған қазақстандық 9 боксшының (қыздардан Надежда Рябец) екеуі ғана жартылай финалға жетіп, қалғаны жарыстан ерте шығып қалды. Бірде-бір қазақстандық боксшы алтын медаль түгіл, финалға жете алмай, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең бір сүреңсіз Олимпиада өткізді.

Серіктес жаңалықтары