Токиодан жүлдемен оралған паралимпиадашылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Мемлекет басшысы жарлыққа қол қойды

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар марапатталды.
Дегтярев Давид Мамиевич - ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен;
«Парасат» орденімен:
- Байбатина Зарина Боранбайқызы;
- Дәулет Теміржан Серікұлы;
- Сариев Ануар Берікұлы;
Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы - «Құрмет» орденімен.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күнінде сынға түскен Давид Дегтярев (54 келі) пауэрлифтинг бойынша алтын медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ануар Сариев күміс жүлде еншілеп, Қазақстан қоржынына екінші медаль салды.
73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен дзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль еншіледі.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.
Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.
Бұл бәсекеде германялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлде алды.