06.09.2021, 16:32
Спорт
Руслан Валиуллин Боснияға қарсы матчта ойнамауы мүмкін
Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиуллиннің денсаулығында кінәрат бар
Руслан Валиулин, фото: ҚФФ
Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиуллин мен Марат Быстров жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі белгісіз болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған, ал Руслан Валиуллиннің сіңірі созылған.
Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.
Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады.
Еске салайық, Руслан Валиуллин Украинаға қарсы матчта екі гол салып, матч қаһарманы атанды.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды