Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Ерлер құрамасын Қайрат Сәтжанов, әйелдер құрамасын Шамиль Сафиуллин жаттықтырады

Қайрат Сәтжанов шәкірттерімен, фото: ҚБФ

Бокстан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамаларының жаңа бас бапкері тағайындалды.

Бұдан былай Ұлттық құраманы Қайрат Сәтжанов басқарады. Ол бұл лауазымда 2018 жылдан бері команда тізгінінде жүрген Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

Қайрат Сәтжанов 2011 жылдан 2019 жылға дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеген.

2019 жылы Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 - 6/1/2, 2021 - 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 - 2/2/1).

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының да бас бапкері ауысты. 2019 жылдан бері әйелдер құрамасын жаттықтырған Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин жетекшілік етеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.