$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.09.2021, 11:56
Спорт

Токио Олимпиадасының нәтижесі жеке отырыста қаралады

Қазақстан құрамасы Токиодан алтын медальсіз оралды

Токио Олимпиадасының нәтижесі жеке отырыста қаралады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Токио Олимпиадасы қорытындысы бойынша жеке кеңес өткізілетінін мәімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Токио Олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы жағдайды жеке кеңесте қарау қажеттілігі туындады», - деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде бұқаралық спортпен айналысу үшін халыққа барлық жағдай жасау қажеттігін атап өтті.  Облыс әкімдеріне спорт инфрақұрылымын кезең-кезеңмен салуды қамтамасыз ету тапсырылды.

Токио Олимпиадасында сегіз қола медаль алған Қазақстан жалпы командалық есеп бойынша 83-ші орынды иеленді.  Олимпиадаға барған спортшылардың дайындығы үшін бюджеттен 15 миллиард теңге жұмсалған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы басталды.

Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылады.

Серіктес жаңалықтары