28.08.2021, 10:24
Спорт
Паралимпиада: қазақстандық тағы бір дзюдошы финалға шықты
Бұған дейін Әнуар Сариев 60 келіде күміс жүлдегер атанған еді
Prosports.kz
Токио-2020 паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Теміржан Дәулет жарыстың финалына жолдама алды. Жерлесіміз 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп жатыр.
Жартылай финалда Теміржан Дәулет грузин Георгий Калданиді иппон әдісімен жеңді. Енді ол финалда өзбек Феруз Саидовпен белдесетін болады. Осылайша Теміржан Қазақстан қоржынына кемі күміс медаль салып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында бір алтын және бір күміс медаль бар. Давид Дегтярев пауэрлифтингтен паралимпиада чемпионы болса, дзюдошы Әнуар Сариев екінші орын алды.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды