Қазақстандық паралимпиадашы финалда жеңіліп, күміс жүлде еншіледі
Қазақстан құрамасы жазғы Паралимпиада ойындарындағы рекордын қайталады
Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ануар Сариев финалға шығып, әзірбайжан балуаны Вугар Ширинлиден жеңіліп қалды.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ануар Сариев күміс жүлде еншілеп, Қазақстан қоржынына екінші медаль салды.
Еске салайық, жарыстың алғашқы күнінде пауэрлифтингтен өткен додада Давыд Дегтярев жеңіске жеткен болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жазғы Паралимпиада ойындарындағы рекордын қайталады. 2016 жылы Риода Зүлфия Габидуллина (алтын) мен Раушан Қойшыбаева (күміс) екі медаль жеңіп алған еді.
Айта кетейік, Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.