Паралимпиада: финалға шыққан қазақстандық дзюдошының қарсыласы анықталды
Жүзуден іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен Сиязбек Далиев те Паралимпиаданың финалына жолдама алды
![Паралимпиада: финалға шыққан қазақстандық дзюдошының қарсыласы анықталды](https://azattyq-ruhy.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2021/08/27/61288aba71976154548890.jpg)
Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Ануар Сариев финалға жолдама алды. Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Сариев жартылай финалда Венесуэла спортшысын жеңді. Финалда Ануар әзірбайжандық Вугар Шырынлымен белдеседі.
Паралимпиадаға қатысып жатқан қазақстандықтардың қоржынында бір алтын медаль бар. Жарыстың алғашқы күнінде пауэрлифтингтен өткен додада Давыд Дегтярев жеңіске жеткен болатын.
Одан бөлек, жүзуден іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсеткен Сиязбек Далиев те Паралимпиаданың финалына жолдама алды. Елордалық спортшы Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шықты. Сиязбек Далиев іріктеу сыныңда 35.75 секунд нәтижесін көрсетіп, финалға жолдама алды. 31 жасар спортшы жалпы есепте төртінші орын алды. Финал 27 тамызда сағат 15.25 өтеді.
Айта кетейік, Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.