01.09.2021, 17:14
Спорт
Паралимпиада: Нұрдәулет Жұмағали жүзуден үздік үштікке енді
Қазақстандық паралимпиадашылар 5 жүлде алды
фото: olympic.kz
Токиода өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан командасының қоржынына бесінші жүлде түсті.
100 метрге брасс әдісімен жүзуден ерлер арасында өткен жарыста қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.
Бұл бәсекеде германялық Талисо Энгель жеңімпаз атанса, америкалық Дэвид Абрахамс күміс жүлде алды.
Айта кетелік, қазақстандық паралимпиадашылар Токиода бесінші жүлдесін жеңіп алды. Бұған дейін пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын алса, Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина дзюдодан күміс медаль иеленді.
Көп оқылған
28.10.2026, 16:15
Тоқаевтың Жолдаудағы сынынан кейін төрт сағат өте алғашқы топ-менеджер жұмысынан айырылды
28.10.2026, 12:26
«Бас-аяғы 77 мың адам»: Тоқаев Жолдауында кімдердің жалақысын 40 пайызға дейін көбейтіп берді
28.10.2026, 13:30
Бір уыс доллар мен айфон 18: әнші Алтынай Жорабаеваның туған күніне күйеуі не сыйлады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды