$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.09.2021, 09:44
Спорт

Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады

Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Токиода финалға шықты
Зүлфия Ғабидуллина, фото: voxpopuli.kz

Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін жүзуден (S4) жарысында финалға шықты.

Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші болып келді.

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.

Зүлфия Ғабидуллина - 2016 жылы өткен Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын. Ол Рио Паралимпиадасында S3 санаты бойынша қатысып, топ жарған болатын. 2019 жылы халықаралық классификаторлар оның физикалық тұрғыдан қимылы ілгерілегенін айтып, S4 санатына ауыстырды.

Әзірге Токиодағы Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына бес медаль түсті. Давид Дегтярев (пауэрлифтинг) алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет пен Зарина Байбатина күміс жүлдегер атанған. Сондай-ақ жүзуден Нұрдәулет Жұмағали қола медаль еншіледі.

Серіктес жаңалықтары