ШұғылЕлімізде коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Паралимпиада чемпионына жаңа пәтер мен көлік кілті табысталды

Оның жаттықтырушы Юрий Колесниковке 5 миллион теңге берілді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Паралимпиададан жеңіспен оралған парапауэрлифтер Давид Дегтяревка 3 бөлмелі жаңа пәтер мен көліктің кілтін табыстады. Ал, оның жаттықтырушы Юрий Колесниковке 5 миллион теңге берілді.

Давид Дегтярев Паралимпиада ойындарында 170 келі зілтемірді көтерсе, екінші мүмкіндігінде 172 келіні, үшінші мүмкіндігінде 174 келіні бағындырды.

Токио Паралимпиадасы 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Паралимпиада ойындарында ел намысын спорттың 7 түрінен 26 спортшы қорғайды.

Олимпиада мен Паралимпиада спортшыларына мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.