Александр Винокуров «Астана» велокомандасындағы қызметіне қайта оралады

Автор: Azattyq Rýhy

«Астана» командасы келесі маусымда да жарыстарға қатысады

Александр Винокуров, фото: ria.ru

«Астана» велокомандасының 2022 жылғы әлемдік турларға қатысу мәселесі толық шешілді. Команданың Қазақстандағы серіктестері келесі маусымда акционер және титулдық демеуші ретінде жобаны қолдауды жалғастырады. Бұл туралы Astana-Premier Tech сайтында хабарланды. 

2022 жылы Александр Винокуров велокоманданың жетекшісі ретінде қайта оралып, велошабандоздар мен қызметкерлердің тізімін, сондай-ақ жобаның барлық спорттық іс-шараларын қабылдауды жауапкершілігіне алмақ.

Қазір команда велоспорттан әлемдік жоғарғы лигасындағы 17-ші маусымына дайындық жүргізіп жатыр. Сондай-ақ жақында команда жаңа велошабандоздармен келісімшартқа отырмақ.

Еске сала кетейік, Тур де Франс турнирінің басталуына үш күн қалғанда «Астана» велоклубын ұзақ жылдар бойы басқарған Александр Винокуров қызметінен босатылды

Мәдениет министрлігі Astana-Premier Tech пен Александр Винокуров арасындағы жайдан бейхабар болып шықты.